Обама Палестина мемлекетін құруға қолдау білдірді

ВАШИНГТОН. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Барак Обама Израиль Премьер-Министрі Беньямин Натаньяхумен болған кездесуден кейін, Палестина мемлекетін құруға қолдау білдіріп, палестиналық аумақтарда еврей қоныстарын салуға жол бермеу керек екенін еске салды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап. «Біз Израиль мен палестиналықтардың арасындағы қарым-қатынас саласында келіссөздерді жандандыруды сөз еттік. Екі мемлекетті құру мәселесінің шешімі - екі жақтың да мүддесі», деп атап көрсетті Америка Президенті кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында. Ол сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу мақсатында АҚШ-тың қолдауымен 2003 жылы қабылданған «Жол картасына» сәйкес, Израильдің Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы елді-мекендердің құрылыстарын тоқтатуға уәде бергенін еске салды.