Обама: Перес АҚШ демократтары жаңа ұрпағының негізін қалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы АҚШ президенті Барак Обама Том Пересті АҚШ Демократиялық партиясы Ұлттық комитетінің жаңа көшбасшысы болып сайлануымен құтттықтады.

Бұл туралы The Hill хабарлады.

«Мен Перестің АҚШ демократтары жетекшілері жаңа ұрпағының негізін қалайтындығын білемін»,-деп мәлімдеді Обама.

Басылымның атап өтуінше, АҚШ экс-президенті Пересті праймериз кезінде қолдап сөйлемеген.

Бұдан бұрын экс-еңбек министрі Перестің АҚШ Демократиялық партиясы Ұлттық комитетінің жаңа басшысы болғандығы жайлы хабарланған еді.