Бұл туралы АҚШ-тың бұрынғы бас прокуроры Эрик Холдер мәлімдеді.
«Ол (Обама) іске кірісуге дайын», - деді Холдер. Ол «біздің демократиямыз үшін шынайы шайқас» басталғанын атап өтті.
Холдердің айтуынша, Демократиялық партия барлық күшін штаттық деңгейдегі заңнамалық жиналыстар сайлауларына жұмсамақ. Осылайша, партияның Конгрестегі ықпалын арттырып, Дональд Трамптың саясатына қарсы тұрмақ ниетте.
Сондай-ақ, демократтар АҚШ-тағы сайлау округтеріндегі өзгерістерді баса назарда ұстауды жоспарлауда.
Обама Ұлттық демократиялық комитетке арналған қаржыларды жинауға атсалысып, заңнамалық процесте кеңесші ретінде жұмыс жасауы мүмкін.