Ассамблеяның күн тәртібінде - толқулар орын алып отырған араб елдеріндегі жағдай, сонымен қатар Палестина автономиясының өзін егемен мемлекет етіп тану туралы БҰҰ-ға үндеуі, деп хабарлады Би-Би-Си.
Обаманың пікірінше, ең алдымен палестиндықтар мен израилдіктер келіссөз үстеліне отырып, барлық түсініксіз мәселелерді шешіп алуы қажет.
«БҰҰ-ның жалғыз үндеулері мен арыздарымен бейбітшілікке қол жеткізу қиын», - деп қорытты Америка президенті.