Обама тұтқындардың азапталуын түсірген фотосуреттерді жариялауға наразылық білдірді

ВАШИНГТОН. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат – АҚШ Президенті Барак Обама лаңкестікке қатысы бар деп күдік келтірілген адамдарды азаптау барысын көрсететін фотосуреттердің таратылу ықтималдығына наразылық білдіріп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Ақ үй басшысының пікірінше, ол суреттерді көрсету онсызда оңай болмай тұрған Америкаға қарсы көзқарасты одан бетер ушықтырады. Дегенмен Обама, фотодеректердегі азаптау фактілерін ешнәрсемен ақтауға болмайтынын айтып отыр. Президент ондай фотосуреттер жарияланғаннан кейін Ирак және Ауғанстан сияқты аумақтардағы американдық жауынгерлер агрессияның нысанына айналу мүмкіндігіне алаңдаушылық білдірді.