Обама үшін Нобель сыйлығы үлкен мәртебе болды

АСТАНА. Қазанның 9-ы ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарының президенті Барак Обама Нобельдік бейбітшілік сыйлықтың лауреаты болғаны үлкен мәртебе болғанын мәлімдеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Нобельдік комитеттің шешімінде бұл сыйлық «Барак Обамаға халықаралық дипломатияны және адамдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы бірегей күш жұмсағаны үшін берілгені» айтылған.