Обама жұбайымен ажыраспақ

None
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ-та жергілікті БАҚ елдің бірінші ханымы Мишель Обама жұбайымен ажыраспақ деген жаңалықты жарыса жазып жатыр. Утро.ру хабарлағандай, Барак Обаманың Нельсон Мандела жаназасында Дания премьер-министрі Хелле Торнинг-Шмиттпен ойнап-күлген іс-әрекеті оның зайыбының шыдамын тауысқан. Сосын ол дат делегациясының басшысымен бірге бірнеше мәрте суретке де түскен.

Басылымның ақпаратына қарағанда, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасының бұзылғанына бірталай уақыт өткен. Олар біраздан бері бөлек бөлмелерде тұрады. «Көп жылдар бойы олар өздерінің қыздары мен саяси мансап үшін ғана қарым-қатынастарын сақтап қалуға тырысқан», - деп хабарлады АҚШ президентінің отбасын жақсы білетін дерек көзі.

Барак және Мишель Обама 1992 жылғы 3 қазанда үйленген болатын. 1998 жылы олардың Малия атты, ал үш жылдан соң Саша атты қыздары дүниеге келген.