Обамаға қастандық ойластырғанын мойындаған нәсілшіл 14 жылға сотталды

АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - 2008 жылы АҚШ президенттігіне кандидат кезінде Барак Обамаға қастандық ойластырғанын мойындаған американдық Дэниэл Коварт 14 жылға сотталды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Тергеу мәліметтері бойынша, осыдан екі жыл бұрын 20 жастағы Коварт өзінің серіктесі 18 жастағы Пол Шлесселманмен бірлесіп, жалпы есеппен 102 афроамерикандықты өлтіруді жоспарлаған. Одан кейін әлгі нәсілшілдер Обаманың көзін жоймақ болған.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Дэниэл Коварт өз кінәсін мойындады және афроамерикандықтардан, сондай-ақ Барак Обамадан кешірім сұрады. Оның серігі Пол Шлесселман түрмеде өзінің 10 жылдық жазасын өтеп жатыр.