2013 жылдың сәуір айының соңында АҚШ президентіне рицин уы салынған хат жолданыпты деген хабар дүйім жұртты дүрліктірген еді. Абырой болғанда, қауіпсіздік қызметкерлері Барак Обама мен сенатор Роджер Уикер мен Карл Левинге арналған хатты діттеген жеріне жеткізбеді. Осы іске қатысты Датчкеге ресми айып тағылып, қамауға алынды. Оны тінту кезінде табылған респиратор өзіне қарсы басты айғақ болды. Құрылғыдан уды дайындау кезінде қалған ДНҚ мен рициннің іздері табылған.
08:26, 20 Мамыр 2014
Обаманы улап өлтірмек болған американдық 25 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ соты дүйсенбі күні американдық сенаторлар мен президент Барак Обамаға у салынған хат жолдаған Джеймс Эверетт Датчкені 25 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс.