Обаманың беделі 9% құлады

АСТАНА. 14 наурыз. Қазақпарат - АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обаманы американдықтардың жартысынан азы ғана қолдайды. Өткен айда оның беделі 9%-ға төмендеген, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

New York Times газеті мен CBS телеарнасы жүргізген сауалнама бойынша президент Барак Обаманы ел халқының тек 41 пайызы ғана қолдайтындығын білдірген. «Қарсылардың» саны 50 пайызға жеткен. Бұл респонденттердің негізгі бөлігі Обаманың жанармай бағасының өсімімен күресіне көңілдері толмайтынын айтады.

Дегенмен, қазіргі президенттің деңгейі Республикалық партиядан сайлауға түсіп отырған қарсыластарына қарағанда әлі де жоғары. Обаманың басты қарсыласы республикалық Митт Ромни. 

Дегенмен Митт Ромни республикалықтардың толықтай қолдауына ие болуы үшін 2286 таңдаушының 1144-ін өз жағына шығаруы тиіс. Ал бүгінде оның жағында 454 таңдаушы болса, оның қарсыласы, тағы бір республикалық Рик Санторумда 217 таңдаушы бар.