Полиция қаланың орталық көшелерін эвакуациялауды шұғыл бастап кетті, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Полиция Брюссель орталығында жолаушылар автобусынан табылған күдікті заттың табылуына орай, оның ішіндегі адамдарды қауіпсіз аумаққа көшірді. Оқиға орны оқшауланып, саперлер аталмыш аумақта жұмысты бастап кетті.
Бұның барлығы АҚШ президенті Барак Обаманың «Еуроодақ-АҚШ» саммитіне қатысуға келуіне байланысты қолға алынған қауіпсіздік шаралары болып табылады.
Соңғы ақпараттарға сәйкес, автобустан бомба табылмаған. Оқиға орнындағы жол қозғалысы қайта қалпына келтірілді.