Полицияның пікірінше, ол Барак Обама Ла-Кросс қаласына жұмыс сапарымен барғанда оған шабуыл жасауға дайындалған.
Датчер 2 шілдеде Обаманың сазайын тарттыратындығы жөнінде жазды. Сол күні президент Висконсин штатына баруды жоспарлаған еді. Ол шынымен Барак Обаманың сапарына бір күн қалғанда қалаға барған. Сол жерде қамауға алынды.
Алқа билер соты Датчерді айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол бостандыққа шыққаннан кейін үш жыл бойы бақылауға алынбақ, деп жазды lifenews.ru.