Обаманың ұшағы сайлауалды сапарында істен шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат- АҚШ Президенті Барак Обама жексенбіде сайлауалды сапары барысында бірінші борты істен шығып, қосалқы ұшақты пайдалануға мәжбүр болды.

Бұл туралы Утро.ру. хабарлады.

«Филадельфияда болған кезде ұшақтың қанатты механикаландыру құралы істен шығып, қосалқы ұшаққа ауысып отырдық. С-32 қосалқы ұшағына ауысу кестеге әсер етпейді», - деп мәлімдеді Ақ үйдің өкілі Эрик Шульц.

АҚШ Президенті әдетте «Боинг-747» ұшағын пайдаланады. Ал «Боинг-757» нұсқасы - «Боинг С-32» қосалқы ұшағы АҚШ ӘӘҚ-де пайдаланылады.

Обама жексенбіде сайлауалды сапарымен Коннектикут және Пенсильвания штаттарын аралады. Төртінші қарашада АҚШ-та аралық сайлау өтеді.