ОББ: Сауд Арабиясының 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестікке еш қатысы жоқ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының билігі 2001 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-қа жасалған лаңкестік үшін жауапты емес. Бұл туралы бүгін Құрама Штаттарында Орталық барлау басқармасының директоры Джон Бреннан мәлімдеді, деп хабарлады rg.ru.

Оның айтуынша, оқиғаны тергеу туралы баяндаманың құпия бөлігінде Эр-Рияд «Әл-Каида» террорлық желісі мен оның жетекшісі Усама бен Ладенді қорғап келгені туралы тікелей куәлік жоқ.
«11 қыркүйектен кейін комиссия Сауд Арабиясы мен СА үкіметінің қатыстылығы тұрғысын тыңғылықты зерделеді, - деп ОББ директорының сөзін келтірді ТАСС. - Олар (комиссия мүшелері) мемлекеттік билік институты не оның лауазымды тұлғасы ретінде Сауд Арабиясы үкіметі 11 қыркүйектегі лаңкестікті қолдағанын көрсететін дәлелдер жоқ деген қорытындыға келді».