— Құрметті достар! Балаларды қорғау ісіндегі басты жаңалық — өңірлерде Бала құқығын қорғау жөніндегі басқармалар құрылатын болды. Ал аудандарда бөлімдер құрылады, — деп жазды уәкіл.
Динара Зәкиева бұл бастама Мемлекет басшысының бала құқығын қорғау жүйесін нығайту бағытындағы саясатымен үндес екенін айтады.
— Біз бір жыл бойы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің, Президент әкімшілігінің, Бала құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен жұмыс істедік, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Еске салсақ, кеше ол Алматы облысындағы мектептерде жүргізілген анонимді сауалнаманың жаңа ұстатар мәліметтерін көпшілік назарына ұсынған еді.