«Мемлекеттік органдар тарапынан коммуникацияның заманауи арналарын пайдалана отырып, тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі аталып өтті. Президент өңір әкімдерінің халықпен үнемі кездесуге және елді мекендерді жиі аралауға тиіс екенін де айтты»,-деп жазды баспасөз хатшысы.
12:29, 27 Наурыз 2019
Облыс әкімдері елді мекендерді жиі аралаулары керек - ҚР Президенті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақордадағы кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыстарды жолға қоюдың маңыздылығына тоқталды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Құрманғали фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.