Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің 2022-2024 жылдарға арналған жоспарын талқылау барысында Үкімет басшысы ол құжаттың іске асуында өңір әкімдерінің жұмысы маңызды екенін атады.
«Жоспарда көзделген іс-шаралар өңірлік даму жоспарларында да қамтылуы керек. Облыс әкімдеріне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты KPI бекітілуі тиіс.
Жалпы, Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарының жобасында көрсетілген тәсілдерді мақұлдауды ұсынамын», - деді Әлихан Смайыов.
Сондай-ақ, ол Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған жоспарды әрі қарай пысықтап, бүгінгі талқылауды есепке ала отырып, Үкімет шешімінің тиісті жобасын енгізуді тапсырды.