«Театр кадрларын даярлау мәселесінде келгенде облыстық, тіпті республикалық театр басшылары да ілкімділік танытулары керек. «Болашақ» бағдарламасы бойынша арнайы квота бөлінгеніне қарамастан бірден-бір облыстық театрдан ұсыныс келіп түскен жоқ», - деді ол.
Сондықтан да министр театр басшыларына бұл мәселеге ерекше мән беріп, басты назарда ұстауды тапсырды.
«Ынта-ықылас дегеннен шығады. Кейбір облыс басшыларын былай қойғанда, олардың осы салаға жауапты орынбасарлары жылына бір рет театр премьерасына қатыспайтыны туралы фактілер де өте жиі кездесетіндігін өкінішпен айтуға мәжбүрмін», - деді М.Құл-Мұхаммед.