Шара барысында Ерлан Қошанов «Қазақ тілі» қоғамына жеке ғимарат тауып беруді тапсырды.
«Біз бүгін тіл саясатын қолдау керектігі туралы жиі айтамыз. Осы жерде біз «Тіл жанашыры» сыйлығын табыс ету салтанатына жиналдық. «Тіл жанашыры» деген сөздің өзі тілімізге бар жанымызбен қолдау көрсетіп, жанымыз ашу керек дегенді білдіреді. Тілді үйренуге мониторинг жасаумен айналысатын арнайы орган немесе орталық құру қажет. Жуырда ғана Қазақ тілі қоғамында өз кеңсесі жоқтығын білдім. Сонда біз қолдауды осылайша көрсетіп жатырмыз ба?», - деді Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі өзінің орынбасарына жақын арада бұл мәселені шешуді жүктеді.
«Қазақ тілі» халықаралық қоғамы 1989 жылы құрылған болатын. Қарағандыда оның филиалы қызмет етеді. Қоғам сөздіктер құрумен, ғылыми-әдістемелік құралдар мен оқулықтар шығарумен, қазақ тілін латын қарпімен оқуды насихаттаумен айналысады.