Облыс әкімі Серік Үмбетов студент жастарға айрықша назар аударуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында жоғары білім алу үшін қаржылай қолдауға мұқтаж дарынды және белсенді жастарды анықтау жұмыстарының жүргізілгеніне бірнеше жылдың жүзі болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алматы облысының әкімі қазақстандық жоғары оқу орындарында студенттер оқытуға 200 грант бөлді. Олардың ішінде - жетімдер, спортшылар, көпбалалы отбасынан шыққан балалар бар. Студенттердің оқу үлгерімі - 100 пайыз. - «Болашақ» стипендиясын тағайындау ? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігі болды. Бүгінде жүздеген болашақтықтар мемлекеттік қызметте және жеке кәсіпкерлік саласында жемісті еңбек етіп жүр, - деді облыс басшысы. - Өткен жылы 1 311 жас жігіттер мен қыздар «Болашақ» стипендиясының лауреаты атанды, оның ішінде 67-сі ? біздің облысымыздың жастары. Бүгінде еліміздегі 140 оқу орнында 630 мыңнан астам студент білім алып жатыр, олардың 40 мыңы - Алматы облысында, ал 6 331-і - Жетісу мемлекеттік университетінде оқып жатқандар, солардың 120-сы облыс әкімінің грантына ие болғандар. Облыс әкімі сондай-ақ оқу орындарын аяқтағаннан кейін ауылдарына оралып, өз туған жерлерін өркендетуге үлес қосу туралы жастардың бастамасына қолдау көрсетіп отыр.