Облыс әкімі шалғай аудандарда болмақ

Фото: None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қарашаның 24-25-інде Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарында жұмыс сапарымен болмақ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында Тәуелсіздік монументі ашылып, соғыс ардагері Мұхаммедияр Қоштанов пен медицина қызметкерлеріне жаңа пәтер кілттері табыс етілмек.

Қарашаның 25-інде Мұратсай-Хан ордасы газ құбыры іске қосылса, Жаңақала ауданы орталығында «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарындағы әскери сынақтардан зардап шеккен тұрғындар үшін салынған 100 орындық ауданаралық аурухананың ашылу салтанаты болмақ.

Облыс басшысы сондай-ақ басқа да тұрғын үйлермен, әлеуметтік нысандар жұмысымен таныспақ.