деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Комиссия төрайымы Рахима Ахметова басқосуда Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабекованы 75 жасқа толуымен құттықтап, игі тілектерін жеткізді.
Аудан әкімінің орынбасары Ислам Айекеновтің айтуынша, өңірдегі әйелдер көшбасшылығын нығайту барысында атқарылған шаралардың нәтижесінде 2 саяси және 65 әкімшілік-мемлекеттік қызметкер мен аудандық мәслихат депутаты жемісті еңбек етуде. Дәрігерлердің - 90, ұстаздар қауымының 80 және әлеуметтік салада қызмет атқаратындардың 60 пайызын қыз-келіншектер құрайды.