Облыс әкімінің гранттары 15 ұлттық мәдениет орталығының жетекшілеріне тапсырылды

АҚТӨБЕ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Сенбі күні Ақтөбе қаласының Мәдениет орталығында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 13-ші сессиясы болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оның жұмысына Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ұлттық мәдениет орталықтарының өкілдері, мәслихаттар хатшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері, үкіметтік емес ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Елеусін Сағындықов қатыстыСессияның негізгі тақырыбы ? ҚР Президентінің «Дағдарыстан ? дамуға» деген Жолдауын жүзеге асырудағы Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі. Атап айтқанда, облыс әкімі Елеусін Сағындықов өзінің сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауы, сондай-ақ ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау ісіне облыстағы ұлттық мәдениет орталықтарының қосып отырған қомақты үлесі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, Елеусін Сағындықов татар, корей, украин және т.б. ұлттық мәдениет орталықтарының аймақтың қоғамдық өміріне белсенді қатысып отырғанын атады.Одан кейін салтанатты жағдайда ақтөбелік 15 ұлттық мәдениет орталығының жетекшілері 75 мың теңгеден облыс әкімінің гранттарын алды. «Оксана» украина ұлттық мәдениет орталығының жетекшісі Валентина Моисеенко Мемлекет басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды.