Облыс басшысы ауыл шаруашылығына айрықша еңбек сіңірген В.Асановты қабылдады - БҚО
Кезінде Мәжіліс депутаты да болған Владимир Асанов - ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР жаратылыстану академиясының мүше-корреспонденті, профессор. Бүгінде Владимир Байтениязұлы - «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ БҚО бойынша өкілдігінің директоры.
Облыс әкімі мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, естелік сый тарту етті. Ауыл шаруашылығы мәселелеріне қатысты кеңінен әңгімелесіп, биылғы егін жәйіне тоқталды.
- Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жұмылдыруға оптимистік бағытты ұстанудамыз. Қар қалың түсті, бұл да болса биылғы егіннің шығымына әсер етері сөзсіз. Егін мол болады деген үміттеміз. Жалпы, облыста әлі бірнеше жылға жететін астық қоры бар. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға толық мүмкіндік береді, - деді мерейтой иесі.