ОРАЛ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов шілденің 2-сінде еңбек ардагері Сұлтан Аймағамбетовті тоқсан жасқа толуына орай қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сұлтан Аймағамбетов ұзақ жыл облыс аудандарында басшылық қызметтер атқарды. Кейін Орал ауыл шаруашылығы техникумын басқарып, осы сала мамандарын даярлауға сүбелі үлесін қосты.
Облыс басшысы ақсақалды мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).