ОРАЛ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қыркүйектің 14-інде облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов соғыс және еңбек ардагері Қосаман Орынбасаровты 85 жасқа толуына орай қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс басшысы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында майдангерлерге мемлекет тарапынан құрмет пен қамқорлық көрсетіле беретінін айтып, мерейтой иегеріне ыстық ықыласын, жылы құттықтауын жеткізді.
Қосаман Орынбасаров - көп жылдар бойы облыстық «Орал өңірі» газетінде қызмет атқарған журналист. Жасы 85-ке келсе де, әлі тың, облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып тұрады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).