19:46, 27 Сәуір 2009
Облыс басшысы мен әділет вице-министрі Зеленов ауданында болды
ОРАЛ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов пен ҚР Әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов сәуірдің 27-сінде жұмыс сапарымен Зеленов ауданында болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар Елбасы Жолдауына байланысты ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, тұрғындармен кездесті.
Меймандар халыққа қызмет көрсету орталығы, «Баханга» ЖШС мұнай терминалы, «Джафаров» жеке кәсіпкерінің көтерме базары, «Асфа» ЖШС, 120 керуеттік жаңа аурухана құрылысы және басқа нысандарда болды.
Көктемгі егістің жай-жапсарымен, «Жайықмұнай» ЖШС мұнай тасымалдау терминалы және «Бюллер» фирмасының диірмен кешені құрылысы барысымен танысып, Белес ауылындағы мектеп-балабақшада көп балалы ата-аналармен жүздесті. Қоғамдық моншаның ашылуына да қатысты.