17:05, 17 Сәуір 2009
Облыс басшысы Ресейдің Орал қаласындағы консулымен кездесті
ОРАЛ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов сәуірдің 17-сінде Ресей Федерациясының Орал қаласындағы жаңа консулы Александр Новиковты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесуде екі ел арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың одан әрі дами беретіні атап көрсетілді. Бұл ретте Ресейдің бес бірдей губерниясымен шектесетін Батыс Қазақстан облысының орны ерекше. Өткен жылы БҚО-ның Ресей Федерациясымен сыртқы сауда айналымы 2 млрд. 700 млн. АҚШ долларына жеткен. Облыстың сыртқы сауда айналымының 49 пайызы осы елдің үлесіне тиеді. Сондай-ақ 223 бірлескен кәсіпорын жұмыс жасайды.
М.Торез атындағы 1-ші Мәскеу мемлекеттік шет тілдер педагогикалық институтын, кейін КСРО СІМ дипломатиялық академиясын бітірген А.Новиков ? осы саладағы тәжірибелі маман. Ол Оралдағы өз жұмысының жемісті болатынына сенімді.