Облыстағы қылмыстың 64,7 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді
18:35, 20 Қаңтар 2009
ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2008 жылы 5434 қылмыс тіркеліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға өсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Барлық қылмыстың 21,1 пайызы әйелдерге қатысты жасалса, 6,8 пайызы жасөспірімдерге байланысты болып отыр. Тіркелген қылмыстың 64,7 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді. Меншікке қарсы жасалған қылмыс үлесі де жоғары (61,4 пайыз). Мұнда өзгенің мүлкін ұрлау (33,9 пайыз), кісі тонау (8,9 пайыз), алаяқтық (10,8) басымдыққа ие.
Облыс құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 3387 адамды анықтаса, соның 13,2 пайызын ? жасөспірімдер, 9,8 пайызын әйелдер құрап отыр. Қылмыс жасағандардың 69,4 пайызы ? жұмыссыздар.