«Жергілікті атқарушы билік деңгейлері арасында облыстан аудандық деңгейге шалғай елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту, аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептері қызметін қамтамасыз ету сияқты 14 функция беріледі», - деді Е.Досаев.
Министрдің атап өтуінше, заң жобаларын іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатын бөлуді қажет етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдар әкелмейді.
«Сонымен бірге, заң жобаларын қабылдау «жинақы» Үкімет қалыптастыруға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге, рұқсат айналымын оңтайландыруға әрі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға жақындатуға мүмкіндік береді», - деді министр.