Облыстық деңгейдегі прокуратура қызметкерлері салалық семинардан өтуде

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - 24-28 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Институты «Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік жасау және атқарушы іс өндірісін прокурорлық қадағалаудың басым бағыттары» тақырыбында

біліктілікті арттыру үшін сотта мемлекет мүддесіне өкілдік жасайтын облыстық және оған теңестірілген прокуратураның сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасы бастықтарына арналған салалық семинар өткізеді.

«Прокуратура органдарының біліктілігін арттыру курсының негізгі мақсаты - сотта мемлекет мүддесіне өкілдік жасау және атқару өндірісіндегі өзекті мәселелерді талқылау», - деп атап өтті Бас прокуратура Институтының директоры Салтанат Тұрсынбекова.  

Оның айтуынша, семинар тыңдаушыларына ҚР Жоғарғы Сотының судьялары, Астана қалалық сотының және отставкадағы судьялары, Бас прокуратура қызметкерлері, Қаржы министрлігінің Салық комитеті және кеден комитеті, Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау бойынша комитеті, Қаржы полициясы академиясы, Қазақстан Республикасының Дін істері бойынша агенттігінің өкілдері мен еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының ұстаздары мен сарапшылары дәріс оқиды.

Аталған семинар барысында прокурорлардың іскерлігі мен жұмыс тиімділігін арттыру, жүйелі ойлау қабілетін дамыту және берілген тапсырманы тиімді орындауды дамытатын тренингтер өткізіледі.

Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушыларға арнайы нұсқадағы сертификаттар беріледі деп жоспарланған.