Облыстық еңбекпен қамту басқармасының бастығы парамен ұсталды
12:08, 07 Мамыр 2010
ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыстық еңбекпен қамту басқармасының бастығын парамен ұстады.
Құқық қорғау органдарынан хабарлағандай, әлгі бастық өз кабинетінде 2 700 АҚШ доллары мен 1 700 теңге пара алып тұрған жерінде ұсталған. Бұл соманы оған қызметтерінен алып тастамас үшін қарамағындағы екі қызметкері берген. Қазір әлгі бастықтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.