Бас жаттықтырушы Арманжан Рузахуновтың және қара белбеу иегері, Бразилиядан арнайы шақыртылған жеке бапкер Антонио Мартинстің басшылығымен спортшы бірінші күні-ақ грэпплингтен II орынды иеленіп, күміс медаль алды.
Турнирдің екінші күні 100 келі салмақ дәрежесінде бразилиялық джиу-джитсу бойынша I орынды жеңіп алып, алтын медальді қанжығасына байлады.
Қазір Айдостың қоржынында екі "алтын" және бір "күміс" бар. Ол алғашқы алтынын Алматы қаласында өткен «Arlan Grip Selection Final-2016» чемпионатында бразилиялық джи-джитсудан алды.