Облыстық сот ұсынысы іс жүргізуге қабылданды
12:08, 16 Наурыз 2009
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат. Бүгін, наурыздың 16-да Республика Конституциялық Кеңесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 484-бабын Конституцияға сәйкес емес деп тану туралы Ақмола облыстық сотының ұсынысын іс жүргізуге қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Соттың пікірінше, ӘҚБК-нің 484-бабына сәйкес көлік құралдарының жүргізушілерін көлік құралдарын пайдалану және жол жүрісі ережелерін үнемі бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бір құқық бұзушылық үшін қайтадан әкімшілік жауапқа тарту болып табылады, бұл Республика Конституциясының 77-бабының 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес келмейді.Осы ұсынысты қарау бойынша Конституциялық Кеңес отырысының өткізілетін күні қосымша хабарланады.