Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі облыстық сот төрағалары әкімшілік соттарға айналып бара жатқандай. «Өйткені, олар сот істерін қарамайды, сот алқаларына басшылық та жасамайды. Бұның өзі жекелеген облыстардағы жекелеген соттардың тәжірибесіне етене сіңіп алды. Сондықтан да, біз облыстық соттың төрағалары өз облысындағы сот практикасына жауапты болуы керек деп санаймыз. Олар кассациялық алқаны басқарып, сот актілеріне тікелей жауап берулері тиіс. Ал қылмыстық істер осы саладағы алқаларда қаралып, азаматтық істер де сол секілді өрбуі шарт. Бұндай үлгі - біздің сот жүйемізді одан әрі жетілдіруге жасайтын қадамымыз болмақ», - деді Б. Бекназаров.
17:57, 28 Шілде 2011
Облыстық соттың төрағалары сот актілеріне тікелей жауапты болуы керек - Жоғарғы Cот төрағасы
ТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Облыстық соттың төрағалары сот актілеріне тікелей жауапты болуы керек. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров өз лауазымына кіріскеннен бері журналистермен бірінші рет ресми баспасөз мәслихатын өткізу барысында мәлім етті.