«Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері тексерудің оң актісін жасап бергені үшін 7 млн. теңге сомасында пара алған ОҚО тексеру комиссиясының төарғасы С.Шалабай мен комиссияның бас аудиторы Б.Құдияровтың қылмысын әшкереледі»,- делінген ұлттық бюро таратқан ақпаратта.
Ведомство мәліметінше, С.Шалабай ұсталып, Шымкент қалалық ІІБ уақытша оқшаулағышына қамалған. Ал кінәсін толығымен мойындап, қылмысты ашуға көмектескені үшін Б.Құдияров қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.