Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде Жоғарғы сот судьяларды жаппай қайта оқытуды жалғастыруда. Білім беру іс-шарасының бірі бейнедәрістер өткізу арқылы судьяларды қашықтан оқыту болып табылады. Қашықтан оқыту технологиясы судьялардың уақытын үнемдеп, барынша көптеген тыңдаушыларды тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқуға жұмсалатын материалдық шығынды азайтады. Бұл бейнедәріс Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқару кодекстерінің және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің жаңалықтарын зерделеуге арналған дәрістер топтамасындағы үшіншісі болып табылады. Дәрісте Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының отставкадағы судьясы, заң ғылымдарының докторы Р.Н.Юрченко қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде процессуалдық келісімдерді жасау негіздері мен тәртібіне қатысты Қылмыстық-процессуалдық кодекстің жаңалықтарын, сондай-ақ сот сатыларында процессуалдық келісіммен істерді қарау тәртібін түсіндірді. Жергілікті соттардың судьяларына онлайн-режимде сұрақтарына жауап алуға, сондай-ақ енгізілетін нормаларды дұрыс қолдануға қатысты ұсынымдар алуға мүмкіндік берілді.
09:17, 25 Қазан 2014
Облыстық және оған теңестірілген сот судьялары онлайн-режимде сұрақтарына жауап алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғарғы сотта бейнеконференциялық байланыс арқылы облыстық және оған теңестірілген соттармен «Қысқартылған және келісу тәртібімен істерді қарау» тақырыбында бейнедәріс өтті, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен.