Солардың бірі - «Облыс жастарына экологиялық тәрбие беру» жобасы. Орталық осы жоба аясында «Менің таза аулам» атты тазалық акциясын өткізді. Акция барысында жастар ұйымдарының өкілдері өз замандастарының бойына салауатты өмір салтын қалыптастыруды, қоршаған ортаның тазалығын сақтауды көздеді.
Шараға қатысушылардың қала ішінде көркейту, көгалдандыру жұмыстары үзіліссіз жүргізілгенде ғана қаланың жасыл желекке орайтынына, таза мекенге айналатынына көздері жетті. Сөйтіп, олар жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке, қоршаған ортаны аялауға шақырудың бір ұштығы осында жатқанын түйсінді.