Онкологтар мен ғалымдардың алдында шешуді қажет етіп тұрған ауқымды мәселе - қатерлі ісікті ерте сатыларда, яғни микроскопиялық көріну деңгейінде анықтау. Соңғы онжылдықта диагностика мен емдеудің әсерлі көп әдістері табылды, ісіктің жасушаішілік құрылымына әсер ететін дәрі-дәрмектер пайда болды. Ерте сатыда анықталған обырмен науқастанған пациенттер ем алғанда, бұдан былайғы терапияны қажет етпейді, алдағы жылдарда белсенді өмір сүре алады.
Дерт неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу де соғұрлым жеңіл болмақ. Ол үшін өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізге жиі қаралып, аракідік медициналық зерттеулерден өтіп тұру керек. Бұның өзі қандай да болмасын дерттердің, соның ішінде қатерлі ісіктердің алдын алу шарасы болып табылады.
Обыр - емге көнетін дерт. Сондықтан науқас оны жазылмайтын сырқат деп бірден жеңіле салмай, онымен белсенді түрде күресе білуІ керек. Ал ол өз кезегінде дәрігерге үлкен көмек болады.
aktobegazeti.kz сайтынан алынды.
06:12, 08 Мамыр 2016
Обыр дерті емге көнеді ме?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатерлі ісік ауруларының аты қорқынышты естілетіні рас. Бірақ ауру белгілері біліне салысымен, дер кезінде ем қабылдаса, бұл - жазылатын дерт. Заманауи онкология-медицина - ең бір қарқынды дамып жатқан сала. Бүгінде ісіктерді анықтау мен емдеуде инновациялық технологиялар көптеп ендіріліп жатыр.