Кипрде әйелін өлтірген Ұлыбритания азаматы қамаудан босатылды.
76 жастағы Дэвид Хантер кісі өліміне кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылған.
Дегенмен ол темір тордың ар жағында 19 ай жазасын өтеп, бостандыққа шықты. Сот осы мерзім жеткілікті деп шешті.
Хантердің әйелі Джанис ұзақ уақыт қан қатерлі ісігімен ауырған. Қиналған кезінде ол күйеуінен азаптан құтқаруды жалынып сұраған.
Дэвид келісіп, оны жастықпен тұншықтырады. Содан кейін көп мөлшерде дәрі ішіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.
Бұл әрекеті сәтсіз аяқталып, ол қамауға алынды.
Нортумберленд кеншісі, зейнеткер Хантер мен оның әйелі бір-бірін жасөспірім шақта кездестірген.
Олар 52 жыл некеде болды.