Одессада Ұлттық банк ғимаратынан 300 мың доллар тұратын алтын сүйменді ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер Одесса облысында Украина Ұлттық банкінің аумақтық басқармасының ғимаратынан орнына жалған алтын қойып, құны 5 млн гривен (312,5 мың долларға жуық) тұратын алтын сүйменді жымқырып кеткен.

Тергеуді Приморск аудандық милиция бөлімі жүргізуде. Қазіргі уақытта бірқатар сараптама тағайындалды, деп хабарлады РИА "Новости".

Облыстық милицияның деректеріне сүйенсек, алтынның жалған үлгімен ауыстырылғанын жоспарлы аудит жүргізген ҰББ аумақтық басқармасы анықтаған.