АСТАНА. KAZINFORM — Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмі әлемдік прокат бойынша 1,34 млрд доллардан астам қаражат жинап, тарихта R рейтингіндегі фильм ретінде рекорд орнатты, деп хабарлайды World of Reel .
«Одиссея» 1,33 миллиард доллар жинаған «Дэдпул және Росомаха» (2024) фильмін басып озып, R рейтингісі бар фильмдер тізімінде бірінші орынға көтерілді.
«Одиссея» сондай-ақ Кристофер Ноланның мансабындағы ең кассалық фильм атанды.
Режиссердің бұрынғы рекорды «Қара рыцарь: Аңыздың жандануы» болды. Ол әлемдік прокатта 1,08 млрд доллар жинады.
Осыған дейін «Өрмекші адам: Жаңа күн» тарихта ең сәтті дебюттік фильмдердің біріне айналғанын жаздық.
Зарина Туғанбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Ақмола облысы Целиноград аудандық «Ұран», «Призыв» газеттерінде тілші болып бастаған. Kazinform ақпарат агенттігінде 2011 жылдан бері қызмет атқарып келеді.