Мұндай пікірді №53975 әскери бөлімнің командирі, подполковник Талғат Тәжікбаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауға байланысты білдірді.
"Кезектен тыс аттестаттаудың мақсаты - офицердің кәсіби деңгейін және оның ол лауазымға жарамдылығын бағалау. Офицерлерді кезектен тыс аттестаттау олардың кәсіби деңгейлерін арттыруға бағытталған. Аттестаттау қорытындысы бойынша оны қандай лауамызда пайдалануға болады, мүмкін оны одан да жоғары лауазымға тағайындау керек шығар деген мәселемен ұсыныс әзірленеді", деді ол.
Оның атап өтуінше, аттестаттаудан өтетін офицерлерге өздерінің қызметтік міндеттерін толық көлемде орындау, физикалық дайындығы мен психологиялық тұрақтылығы, нормативтік-құқықтық базаны, жарғыларды, заңдар мен басқа да актілерді білуі талап етіледі.
Т.Тәжікбаевтың сөзіне қарағанда, аттестаттау объективті түрде өтуде әрі офицерлердің кәсіби деңгейде өсуі үшін ұсыныстар беріледі.