Огайолық мұғалима 782 килә тартатын асқабақ өсірді

АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Огайолық математика пәнінің мұғвлімі Кристи Харп (Christy Harp) салмағы 782 килә болатын әлемдегі ең үлкен асқабақты өсірді. Бұл жөнінде түрлі салалардағы әлемдік рекордтарды тіркеумен айналысатын World Records Academy ұйымының сайтында айтылған,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

World Pumpkin Commowealth ұйымдастырған ең үлкен асқабақ конкурсында бірінші орын және әлемдік рекорд үшін Харп 2500 доллар алды.

Кристи Харп пен оның жұбайы Ник үлкен асқабақтарды өсірумен сегіз жылдан бері айналысып келеді. Жеңімпаздың айтуынша, үлкен асқабақты өсірудің барлық құпиясы - жақсы тұқымды таңдауда, үнемі шөбін отауда және жақсы тыңайтқышты қолдануда көрінеді.