Өгей шешесі мен оның анасын сабаған күдікті ұсталды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында қарт әйелдерді соққыға жыққан күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда,іздеу салынған күдіктіні ұстауға бірнеше тәулік кеткен.

«Келес аудандық полиция бөліміне ауруханаға екі әйел денежарақатымен жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлеріжергілікті тұрғын өгей шешесі мен анасын жарақаттап, қылмыс орнынан бой тасалағанын анықтады. Аталған оқиға бойынша Қылмыстықкодекстің 107 және 149-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеубасталған. Бірнеше тәуліктен кейін жедел-іздестіру іс-шарасының арқасында күдікті ұсталды. Оқиғаның мән-жайы әліанықталуда. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», -делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, Түркістан облысы Келес ауданында екі әйелдіұрып-соққан күдіктіге іздеу салынған болатын.


Соңғы жаңалықтар