Өгей шешесі мен оның анасын сабаған түркістандыққа іздеу салынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында екі әйелді ұрып-соққан күдіктіге іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Түркістан облысында полицияқызметкерлері екі әйелді ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеужұмыстарын бастады. Бұған дейін әлеуметтік желіде қан-жоса болған қарт әжей менересек әйелдің бейнежазбалары тараған еді. 2019 жылдың 15 тамызында Келесаудандық полиция бөлімшесіне екі әйелдің тән жарақатымен ауруханаға түскеніхабарланды», - делінген облыстық департамент хабарламасында.

Оқиға орнына келген полицейлертамыздың 14-інен 15-іне қараған түні Келес ауданы тұрғынының үйге баса-көктепкіріп, өгей шешесі мен оның анасын сабап, қашып кеткенін анықтады.

«Бұл факт ҚР Қылмыстық Кодексінің107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зақым келтіру» және 149-бабы«Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта сотқадейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр және онда оқиғаның мән-жайы анықталады.Күдіктіге іздеу салынды», - деп хабарлады Түркістан облысының Полициядепартаменті.

Соңғы жаңалықтар