Охот теңізінде аударылып кеткен кемедегі 4 балықшының денесі табылды

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат - Құтқару тобының мүшелері сейсенбі күні Охот теңізінде аударылып кеткен шағын кемедегі жеті балықшының төртеуінің денесін тапты, деп хабарлайды РИА жаңалықтар агенттігі.

"Октябрь" колхозына қарасты балықшылардың кемесі сейсенбі күні таңертең Соболевский ауданы, Кехта өзенінің (Охот теңізі) сағасында аударылып кеткен. Апат кезінде кемеде сегіз адам болған. Олардың тек біреуі ғана аман қалды.

Қаза тапқандардың денесі оқиға орнынан 25 шақырым жерден табылды. Екі теңізшіні тану мүмкін болса, екеуінің жеке тұлғалары анықталып жатыр.

Тағы да үш балықшының денесі іздестірілу үстінде.