Кеме бейсенбі түнінде Магаданнан шамамен 300 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Оның бортында 132 адам, соның ішінде 78 ресейлік және 54 шетелдік азамат болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, экипаждың құрамында ресейліктерден басқа Бирма, Вануату, Латвия және Украина елдерінің азаматтары болды.
«Қиыр Шығыс» траулерінің су сыйымдылығы - 5,7 мың тонна. Кеменің ұзындығы - 104 метр, ені - 16 метр болған. РИА Новости агенттігінің дереккөзі хабарлағандай, кеме батар алдында SOS белгісін берген жоқ.
Қазіргі кезде қайғылы оқиға айданында өтіп жатқан іздеу-құтқару іс-қимылдарына 800-ге жуық құтқарушы, тікұшақ және 26 кеме қатыстырылған.