Оқ ату сайысы бойынша Қазақстан құрамасы Гуанчжоудағы Азия ойындарында күміс және қола медальдарды жеңіп алды

БЕЙЖІҢ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін, 15 қараша күні Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы оқ ату сайысы бойынша күміс және қола медальдарға ие болды.

Оқ ату сайысы бойынша дара санаттағы күміс медальды Юрий Мельситов қанжығасына байлады. Командалық есепте Юрий Мельситов, Игорь Перикеев және Александр Ермаков Қазақстан құрамасына жетінші қола медаль әкелді.

Сонымен, Қазақстан құрамасы әзірге екі күміс және жеті қола медальға ие. Жүлделік есеп бойынша Қазақстан 10 орында тұр.