«Қарулы күштердің өзге де әскерлер мен әскери құрамалардың арсеналдар, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аумақтар мен аудандар мәселелері жөніндегі қабылданған түзетулерге сәйкес, оқ-дәрі қоймалары төңірегіндегі аумақ ұлғайтылды. Онда ешқандай жекеменшік құрылыс нысаны болмауы тиіс», - деді Бақыт Құрманбаев БАҚ өкілдерімен кездесуі барысында.
Сонымен қатар ол оқ-дәрі қоймаларына тақау салынған құрылыс нысандарының барлығы сүрілетіндігін айтты.
«Осыған байланысты бүгінгі күні ұлғайтылған аумақта салынған нысандарды сүру және олардың иелелеріне өтемақы төлеу қарастырылып отыр», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.